​Қазақстандық қыз Қытайда өткен робот жасау байқауында жеңіске жетті

0
1 240

Қазақстандық қыз Қытайда ғылыми-техникалық инновация байқауында бірінші орын иеленді.


​Қазақстандық қыз Қытайда өткен робот жасау байқауында жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Қазақстандық қыз Қытайда ғылыми-техникалық инновация байқауында бірінші орын иеленді, деп жазады Tengrinews.kz "КазРоботикс" Қазақстандағы білім беру және спорттық робот техникасы федерациясының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

CASTIC-2018 (The 33 China adolescents science & technology innovation contest) байқауы 33 рет 14 пен 20 тамыз аралығында Чуньцынде өтті.

Қазақстанның атынан бақауға KazRoboProject-2018 республикалық роботтехника бойынша ғылыми-техникалық байқаудың жеңімпазы Любовь Дудченко қатысты. Дудченко бірінші орын иеленіп, байқау демеушілерінің екі арнайы номинациясына ие болды:

- белгілі қытай ғалымы Гао Шичи Қорының ақшалай жүлдесі,

- Чунцин қаласындағы Sanray компаниясының ақшалай жүлде қоры.