Қазақстандық мұнай өтетін "Дружба" құбырынан жарылғыш зат табылды

0
546

Мұнай құбыры Ресей Федерациясының Брянск облысының аумағында орналасқан.


Қазақстандық мұнай өтетін

ERNUR.KZ. "Транснефть" "Дружба" құбыржолының "Новозыбков" мұнай айдайтын станциясынан жарылғыш зат тапты, бірақ станцияға зардабы тиген жоқ, қазір тергеу жүріп жатыр. Мұнай құбыры Ресей Федерациясының Брянск облысының аумағында орналасқан, деп жазады zakon.kz.

"Транснефть" компаниясының ресми өкілі Игорь Деминнің ТАСС агенттігіне мәлімдеуінше, жарылғыш зат болат шарлар түрінде өнеркәсіптік емес өндірістің қираған пластикалық корпусынан табылған.

"Болжам бойынша, корпустар дроннан жерге құлауы кезде бүлінген. Ал бүгін түсте ұшқышсыз ұшу аппаратынан тағы бір жарылғыш заттың қалай түскені байқалды, ол алдыңғы екеуіне ұқсас болуы мүмкін", - дейді Игорь Демин.

Ол биыл "Новозыбков" станциясында мұнай айдалмағанын, резервуар паркі бос тұрғанын атап өтті.