Қазақстандық оқушылар Дублиннен олжалы оралды

0
408

Географиядан халықаралық олимпиада 1996 жылдан бері өткізіледі.


Қазақстандық оқушылар Дублиннен олжалы оралды

ERNUR.KZ. Қазақстандық оқушылар география бойынша халықаралық олимпиадада 4 медаль алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Олимпиада Ирландия астанасы Дублинде өтті. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты.

Қазақстандық команда 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды:

  • Ақжол Болат – Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Жомарт Сабыр – Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
  • Арсен Сыдықов – Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Қанат Серікбай – Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді – «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров – «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.

Айта кетерлігі, IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.