Құрама команданы жаттықтырған жетекшілер – Антон Васильев пен Марат Нсанбаев.
Сурет: gov.kz
ERNUR.KZ. Францияның Бордо қаласында қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиада EGMO-2026 өз мәресіне жетті. Бұл жарыста қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті, деп жазады zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, жарысқа 66 елден 247 оқушы қыз қатысқан.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 медаль иеленді:
- Күміс медаль – Катунина Юлия, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Күміс медаль – Қайрат Аружан, Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Қола медаль Которова Вера, Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.
Құрама команданы жаттықтырған жетекшілер – Антон Васильев пен Марат Нсанбаев. Жалпы командалық есепте Қазақстан 66 елдің ішінде 20-орынды иеленсе, ресми еуропалық елдер арасында 10-орынға тұрақтады.
Айта кету керек, 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы EGMO олимпиадасында 3 алтын, 16 күміс, 17 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.


