Қазақстандық сарапшылар мен әлемдік IT-алыптардың СЕО Digital Almaty 2025 жасанды интеллект енгізу тәжірибесімен бөліседі

0
127

Бүгінгі таңда жиналған 148 млрд токенде модельдік жаттығулар белсенді жүргізілуде. KazLLM базасында eGov және басқа платформалар үшін AI-көмекшілерді қоса алғанда, AI өнімдері әзірленіп жатыр.


Қазақстандық сарапшылар мен әлемдік IT-алыптардың СЕО Digital Almaty 2025 жасанды интеллект енгізу тәжірибесімен бөліседі

ERNUR.KZ. 2024 жыл жасанды интеллект саласындағы маңызды бастамалар жылы болды. Жасанды интеллект комитеті құрылды, 2024-2029 жылдарға арналған Жасанды интеллекті дамыту тұжырымдамасы бекітілді, қазіргі уақытта заң жобасы әзірленуде. Сондай-ақ, КazLLM жеке тілдік моделі әзірленді, ол бірқатар технологиялық шешімдер үшін негіз болады. ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында өзіндік тілдік моделін қолдану IT-қызметтердің ішкі нарығын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Бүгінгі таңда жиналған 148 млрд токенде модельдік жаттығулар белсенді жүргізілуде. KazLLM базасында eGov және басқа платформалар үшін AI-көмекшілерді қоса алғанда, AI өнімдері әзірленіп жатыр. AI қозғалысының негізгі кезеңі alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының құрылуы болады, бұл Astana Hub дамуына айтарлықтай серпін береді.

«alem.ai орталығы ғылым, өнеркәсіп, креативті индустрия және мемлекеттік қызметтер сияқты негізгі салаларда технологияларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар Oрталық инвестицияларды тарту және стартаптарды қолдау үшін ЖИ экожүйесін құруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта Министрлік ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу және жаңа ЖИ өнімдерін әзірлеу үшін Telegram, TON, Tether, Enrive, Google және т.б. сынды компаниялардың орталығында кеңселерді орналастыру туралы келіссөздер жүргізуде», – деді спикер.

Digital Almaty 2025 форумы BigTech компанияларын халықаралық ЖИ орталығына тарту үшін тиімді алаң болады. Ол жыл сайын жеке инвестициялар есебінен өткізіледі. Биыл шара жетінші рет ұйымдастырылмақ.

«Мемлекет басшысы жасанды интеллекті дамытудың ел болашағы үшін маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл енді ғылыми фантастика емес, алдағы шындық. Орталық Азиядағы ең ірі цифрлық форум – Digital Almaty 2025 біздің өміріміздің әр саласына енген дәл осы жаңа шындыққа арналады», - деп атап өтті Ғиззат Байтұрсынов.

Халықаралық алаңда ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары, сарапшылар, жер қойнауын пайдаланушылар, бизнес және IT-индустрия өкілдері өңірдің инновациялары мен цифрлық перспективаларының болашағын талқылау үшін жиналады.

Digital Almaty форумына келіп қатыса алмағандардың барлығына алғаш рет бірегей виртуалды көрме ұсынылады. Көрмеге кіру сілтемесі форумның ресми сайтында орналастырылады.

Екі күндік іс-шараға 40 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ жасанды интеллект тақырыбында панельдік пікірталастар жүргізілетін залдар жұмыс істейді. Отандық сарапшылар мен әлемдік IT-алыптардың СЕО ЖИ енгізу тәжірибесімен бөліседі. 21 елден 200-ден астам спикер қатысады.

Сонымен қатар жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы үздік шешімдерді айқындайтын беделді Digital Awards 2025 сыйлығы өтеді.