Қазақстандық сейсмологтар Өзбекстандағы жер сілкінісін тіркеді

0
95

Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,3-ті құраған.


Қазақстандық сейсмологтар Өзбекстандағы жер сілкінісін тіркеді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстан сейсмологтары 20 мамырға қараған түні Өзбекстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Жедел ақпаратқа сәйкес, 20 мамыр күні Астана уақытымен сағат 01:40-та (Гринвич бойынша 19 мамыр сағат 20:40-та) Өзбекстанда жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 40,33 градусы және шығыс бойлықтың 63,03 градусы. Магнитудасы mb=5,6. Энергетикалық класы K=13,5.

Өзбекстан ТЖМ деректері бойынша, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,3-ті құрады. Жер сілкінісінің эпицентрі Бұхара облысының Қаракөл ауданында 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жерасты дүмпулерінің күші Бұхара облысында 3–4 балға, Науи облысында 2–3 балға жетті. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық оңтүстік-батыс бағытында 527 шақырымды құрады.