Қазақстандық тез дайындалатын кеспе алғаш рет жақын шетелдерге жеткізіледі

0
1 335

«Торговый Дом Аманат» ЖШС Рудный қаласында 2005 жылдан бері тез дайындалатын кеспе өндіріп келеді.


Қазақстандық тез дайындалатын кеспе алғаш рет жақын шетелдерге жеткізіледі

ERNUR.KZ. «Наша чаша», «Grito», «Лагман по-дунгански» сауда маркаларымен макарон өнімдерінің және тез дайындалатын кеспенің кең сұрыпталымын шығаруға маманданған қазақстандық өндіруші Белоруссияға, Украинаға, Моңғолияға және Ресей Федерациясына өнімдерін алғаш рет жеткізуді жоспарлап отыр, деп жазады baq.kz.

«ЭСК «KazakhExport» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Торговый Дом Аманат» ЖШС Рудный қаласында 2005 жылдан бері тез дайындалатын кеспе өндіріп келеді. Аздаған уақыт ішінде кәсіпорын ұнды қайта өңдеу, макарон өнімдерін өндіру жөніндегі өндірістік цехтың жұмысын жолға қойып, Қазақстанда көшбасшылық орынға ие болып отыр. Компания Ресейге, Арменияға, Грузияға, Тәжікстанға және Қырғызстанға ұн мен макарон жеткізіп келеді, бірақ тез дайындалатын кеспе экспорты алғаш рет жүзеге асырылатын болады.

«Зауыт цехы жоғары сападағы кеспе өндіруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықпен жарақтандырылған. Бүкіл өнімдері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде өсіріліп, мұқият қайта өңделген бидайдан өндіріледі. Кәсіпорында ендірілген сапа стандарттары, жүзден астам жоғары білікті мамандарының дәйекті жұмысы, заманауи материалдық база, шикізатты үздік өндірушілермен сенімді серіктестік компанияның қарқынды дамуына мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Сыртқы нарыққа шығу кезінде коммерциялық және саяси тәуекелдерді болдырмау үшін кәсіпорын экспорттық-сақтандыру компаниясына жүгінді. KazakhExport отандық өндірушіге жалпы 1,5 млн рубль сомаға экспорттық кредиттік сақтандыру құралын берді және қаңтар айының соңында рудныйлық экспорттаушы тез дайындалатын кеспенің бірінші топтамасын Ресей Федерациясына тиеп-жөнелтті.

Таяу уақытта кәсіпорын Белоруссияға, Украинаға және Моңғолияға өнім жеткізуді жоспарлап отыр.