Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды сұрады

0
101

31 желтоқсанның мәртебесі туралы пікірталас толастар емес.


Қазақстандықтар 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды сұрады

фото: Midjourney

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде 31 желтоқсанды ресми демалыс күні деп жариялау туралы талқылау қайта қызды, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақастандықтар не дейді?

Желі қолданушысы жазба жариялап, бұл мәселеге қатысты қазақстандықтардың пікірін сұраған.

"Кім 31 желтоқсанды демалыс күні деп жариялауды қолдайды? Негізі бәрібір ешкім жұмыс істемейді, жұмыста жай отырамыз, ал үйде істейтін шаруа, дайындық бар", - деп жазды автор.

Скриншот: Threads

31 желтоқсанның мәртебесі туралы пікірталас толастар емес. Бірі мерекеге сабырмен дайындалу үшін қосымша демалыс күнін сұраса, екіншілері дәрігерлер, көлік, дүкендер мен жедел қызметтер жұмыс істеуі тиіс екенін еске салады.

Еңбек министрлігінің ұстанымы

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдаған едік. Ведомство 31 желтоқсан мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейтінін еске салды.

Министрлік түсіндірмесі:

  • Қазақстанда демалыс күндері тек мемлекеттік және ұлттық мерекелер болып саналады. Жаңа жыл 1 және 2 қаңтарда тойланады;
  • жұмыс берушілер 31 желтоқсандағы жұмыс күнін өз қалауы бойынша қысқарта алады;
  • 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету үшін заңға өзгеріс енгізіп, бұл мәселені үкімет деңгейінде қарастыру қажет.
"Азаматтардың демалысқа конституциялық құқығын сақтау және жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігінің әлеуметтік мүдделерін ескеру мақсатында 31 желтоқсанды демалыс күні ретінде бекіту орынды емес деп санаймыз", — делінген жауапта.

Сонымен қатар министрлік демалыс күндерін ауыстыру мүмкін екенін, бірақ мұндай шешімдер күнтізбе мен экономикалық жағдайға байланысты алдын ала қабылданатынын нақтылады.