Сенат екі ел арасындағы Қазақстаннан баратын жұмысшыларды Қатар мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялады.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Қатарда ресми түрде жұмысқа орналаса алады, деп жазады tengrinews.kz.
Сенат екі ел арасындағы Қазақстаннан баратын жұмысшыларды Қатар мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялады. Құжат қазақстандықтарды Қатарда ресми жұмысқа орналастыру үшін құқықтық негіз бола алады және онда тараптардың өзара міндеттемелері көзделген.
Қатардағы жұмыс беруші жол жүру, қайтадан Отанға оралу шығындарын өз мойнына алады, сонымен қатар, жұмысшыларды тұрғын үймен, көлікпен, медициналық көмекпен және ақылы демалыспен қамтамасыз етеді.
Келісімде мамандардың еңбек шарты, сондай-ақ, іс-қимылдарды үйлестіру және туындайтын мәселелерді шешу үшін бірлескен комитет құру көзделген.