2024 жылдың 1 қазанынан бастап 35 елдің азаматтарына Шри-Ланкаға визасыз кіруге рұқсат беріледі.
ERNUR.KZ. Шри-Ланка билігі 35 елмен, оның ішінде Қазақстанмен визалық режимді жою туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы елдің министрлер кабинетінің шешімі туралы Dailymirror жазды. 2024 жылдың 1 қазанынан бастап 35 елдің азаматтарына Шри-Ланкаға визасыз кіруге рұқсат беріледі.
2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесуінде визалық режимді жеңілдету және елдер арасында тікелей тұрақты әуе қатынасын орнату маңыздылығына назар аударды.