Қазақстандықтар енді табиғи апаттан үйін өздері сақтандыруға міндетті: Заңда не айтылған

0
111

Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесі енгізілмек.


Қазақстандықтар енді табиғи апаттан үйін өздері сақтандыруға міндетті: Заңда не айтылған

Фото: Stan.kz | ЖИ көмегімен жасалған

ERNUR.KZ. Қазақстанда тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілмек. Жаңа заңға сәйкес, енді үй иелері жыл сайын 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін жарна төлеп, төтенше жағдай кезінде өтемақы ала алады, деп жазады stan.kz.

Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру жүйесі енгізілмек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжаттарда айтылған. Жаңа заң жобасына сәйкес, енді тұрғын үйлердің қауіпсіздігіне қаржылық жауапкершілік мемлекеттен гөрі меншік иелеріне жүктеледі. Яғни табиғи апат салдарынан келген шығынды өтеу үшін азаматтар міндетті түрде сақтандыру жарнасын төлейді.

Соңғы жылдары табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға мемлекет тарапынан тегін көмек көрсетіліп келген еді. Алайда жаңа жүйе бюджетке түсетін жүктемені азайтып, тәуекелдерді басқарудың тұрақты механизмін қалыптастыруды көздейді.

Қандай қауіптер қамтылады?

Міндетті сақтандыру келесі негізгі тәуекелдерді қамтиды:

  • жер сілкінісі
  • су тасқыны
  • сел және су тасқыны
  • орман өрттері

Жалпы алғанда, заң 16 өңірді қамтиды.

Жылдық жарна қанша болады?

Жаңа жүйе бойынша жыл сайынғы сақтандыру жарнасы 2 мыңнан 20 мың теңгеге дейін белгіленуі мүмкін. Бұл сома мүлік салығына шамалас болады.

Сонымен қатар төтенше жағдай болған кезде төлем көлемі жарнадан 500 есе көп болуы мүмкін:

  • 2 000 теңге → шамамен 1 миллион теңге өтемақы
  • 20 000 теңге → шамамен 10 миллион теңге өтемақы

Жүйенің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бірыңғай мемлекеттік оператор құрылмақ. Ол:

  • жарналарды жинайды
  • төлемдерді бақылайды
  • жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді

Сонымен қатар жеке сақтандыру компаниялары да қатысады. Олар арнайы қайта сақтандыру қорына аударым жасап, тәуекелдерді бөліседі. Жүйе бірден енгізілмейді. Алғашқы кезеңде пилоттық жоба:

  • Алматы қаласында
  • Шымкент қаласында
  • Жамбыл облысында жүзеге асырылады.

Толық іске қосылмас бұрын 3 жылдық өтпелі кезең қарастырылған. Жоспар бойынша:

  • 2026 жылдың маусымында Үкіметке енгізіледі
  • 2026 жылдың тамызында Парламент қарауына жіберіледі. Осылайша, реформа Қазақстандағы тұрғын үйді қорғау жүйесін түбегейлі өзгертпек.

Еске салайық, бұған дейін осы бастама туралы бұған дейін де жазған едік. Өткен жылы Қазақстанда тұрғын үйлерді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізу жоспарланып отырғаны хабарланған. Жобаға сәйкес, жылдық жарна 1 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болуы мүмкін, ал өтемақы көлемі 10 миллион теңгеге дейін жетеді деп көрсетілген.