Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл заң жобасы Қазақстан азаматтарының Катарда жұмысқа орналасу мәселелерін реттеу мақсатында әзірленген.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 28 мамырда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан азаматтарының Катар Мемлекетінде жұмысқа орналасуын реттейтін заң жобасын қарауға алды, деп жазады zakon.kz.
Атап айтқанда, бұл – "Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан шыққан жұмыскерлердің Катар Мемлекетінде жұмысқа орналасуын реттеу туралы Келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы.
Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл заң жобасы Қазақстан азаматтарының Катарда жұмысқа орналасу мәселелерін реттеу мақсатында әзірленген.
"Ол Қазақстан азаматтарын барлық кезеңде – еңбек шартына қол қоюдан бастап репатриация (елге қайтару) мәселелеріне дейін – кешенді құқықтық қорғауға бағытталған. Қазақстаннан жұмысшыларды жалдау, олардың Катарға шығуы және сол жерде жұмысқа орналасуы екі елде қолданыстағы заңдар мен рәсімдерге сәйкес реттеледі", – деді депутат.
Бұған дейін АҚШ-тың студенттік визалар бойынша жаңа сұхбаттарды уақытша тоқтатқандығы хабарланған болатын.