Қазақстандықтар көрші елге 10 вагон мұнай өнімін шығармақ болған

0
351

Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 миллион теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған.


Қазақстандықтар көрші елге 10 вагон мұнай өнімін шығармақ болған

фото: кадрдан

ERNUR.KZ. ІІМ мұнай өнімдері ірі контрабандасының арнасын жойды, деп жазады tengrinews.kz.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан аса вагон-цистерна табылды. Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 миллион теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.

"Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау дерегібойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.