Қазақстандықтар Оманға визасыз бара алады

0
1 524


Қазақстандықтар Оманға визасыз бара алады

Оман Сұлтандығының үкіметі әлемнің 103 мемлекетінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының, азаматтары үшін 10 күндік визасыз тәртіп енгізгенін жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талаптарға сәйкес Қазақстан азаматтары Оманға кіру үшін шекарадан өту кезінде қонақ үйді брондауды растау, сапар мерзіміне медициналық сақтандыру, қайту әуе билеті, төлқұжатында АҚШ, Аустралия, Канада, Жапония, Ұлыбритания немесе Шенген аймағының қолданыстағы визасы бар паспортты көрсетулері тиіс. Елде визасыз болуды ұзарту қарастырылмағанын атап өткен жөн, бұл ережені бұзу әрбір мерзімі өткен күнге 10 омандық риал (шамамен 26 АҚШ долл.) мөлшерінде ақшалай айыппұл төлеуге әкеліп соғады.
Сонымен қатар, елде COVID-19 пандемиясының ары қарай таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 21 желтоқсанында Оман Үкіметі 22 желтоқсан күні сағат 01.00-ден бастап 29 желтоқсан күні сағат 00.59-ге дейін барлық мемлекеттік шекараларды (әуе, жер және теңіз) жабу туралы шешім қабылдағанын ескертеміз.