Қазақстандықтар өз ұсыныстарын билікке Quryltai сервисі арқылы жолдай алады

0
666

Қосымша президенттің тапсырмасымен жасалды.


Қазақстандықтар өз ұсыныстарын билікке Quryltai сервисі арқылы жолдай алады

ERNUR.KZ. Халыққа елді жаңғыртуға қатысты ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін Quryltai мобильді қосымшасы іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.

Қосымша президенттің тапсырмасымен жасалды. Сервистің көмегімен билік қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасай алады.

"Мобильді қосымшаға келіп түскен қоғамдық-саяси маңызды ұсыныстар мемлекеттік стратегиялық жұмыстарды жоспарлауға және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын сапалы іске асыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрлік.
Quryltai сервисіне келіп түскен ұсыныстар халықтың дауыс беруіне шығарылады және ең көп дауыс жинаған ұсыныстар Ұлттық құрылтайдың алдағы отырыстарының күн тәртібіне енгізіледі.
Quryltai сервисін "eGov Mobile" мобильді қосымшасынан таба аласыздар.
Сондай-ақ ең маңызды ұсыныстар азаматтық қоғам мен сарапшылардың қатысуымен "Хабар" телеарнасында ұйымдастырылатын "Ұлттық құрылтай" циклында талқыланады.