Қазақстандықтар жәрмеңкеден 195 тоннадан астам сиыр етін сатып алды

0
68

Сауда алаңдарына 400-ден астам ауылшаруашылығы тауарын өндіруші қатысып, өзөнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсынды.


Қазақстандықтар жәрмеңкеден 195 тоннадан астам сиыр етін сатып алды

ERNUR.KZ. Еліміздің барлық өңірінде 47 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, отандықөндірушілер тұрғындарға жаңа әрі сапалы өнімдердің кең ауқымын, соның ішінде 195 тоннадан астам сиыр етін ұсынды, деп жазады baq.kz.

Сауда алаңдарына 400-ден астам ауылшаруашылығы тауарын өндіруші қатысып, өзөнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсынды. Биылғы жылдың басынан бері республика бойынша 3 700-ден астам осындай жәрмеңке ұйымдастырылғаны халықтың бұл саудаформатына деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.

Жәрмеңкелерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату басты назарда болды. Соның ішінде сиыр етіне деген сұранысжоғары. Сиыр етін сату көлемі бойынша Қостанай облысы көш бастады. өңірдегі жәрмеңкелерде рекордтық 83 тонна сиыр еті сатылды. Астанада 61 тонна, Абай облысында 19 тонна ет сатылды. Еттің бағасы өңірлерге қарай 2 400-ден 3 700 теңгеге дейін өзгеріп отырды, - деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігі.

Қолжетімділік бойынша Кызылорда облысы алдыңғы қатардан көрінді. Мұнда сиыр еті 2 400–2 500 теңге аралығында сатылды.

Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базарында аптасына екі рет, сейсенбі және бейсенбі күндері ет жәрмеңкесі өтеді. Мұнда сиыр етінің бағасы 2 600 теңге.

Семей қаласындағы «Северный» көлік-логистикалық орталығы аумағында 19,5 тонна сиыр еті, әрқайсысынан бір тоннадан картоп пен пияз, 250 келіден сәбіз бен қырыққабат сатылды.

Қарағанды қаласында «Global City» саудаойын-сауық орталығының аумағында дәстүрлі күзгі «Ауыл береке – 2025» жәрмеңкесі басталды. Шараға облыстың 7 ауданынан 90-нан астам ауыл шаруашылығы өңдеушілері қатысып, өз өнімдерін нарықтағы бағадан 10–15% арзан бағада ұсынды. Жалпы көлемі 120 тоннадан асатын тауар сатылымға шығарылды. Оның ішінде 52,2 тонна ет, 25 тонна картоп, 7 тоннаға жуықкөкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 4 тонна балық, 175 мың дана жұмыртқа және өзге де азық-түлік өнімдері бар.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, жәрмеңкелер еліміздің сауда мәдениетінің бір бөлігі ретінде, өндіруші мен тұтынушыны тікелей байланыстыратын, халық сұранысына ие маңызды алаң болып қала бермек.

Жәрмеңкелерде тұрғындар өнімді өндірушілерден тікелей сатып ала алады, бұл нарықтағы бағадан 10–15 пайызға арзан. Барлық өңірде жәрмеңкелер кестесі бекітілген. Енді облыстарда ет жәрмеңкелерінің санын арттыру жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірінде 1 300-ден астам жәрмеңке өткізу көзделіп отыр. Бұл қыстық азық-түлік қорын тиімді бағада алдын ала жасауға мүмкіндік береді, – деді бірінші вице-министр Айжан Бижанова.