Қазақстандықтардың ұялы телефон операторы "өзгерді"

0
804

Абоненттерде ұялы телефон операторының атауы тұратын жерде BizBirgemiz немесе BUD' DOMA хештегі пайда болған.


Қазақстандықтардың ұялы телефон операторы

ERNUR.KZ. Еліміздегі ұялы телефон операторларының әдеттегі атауы смартфондарда басқаша атау болып өзгерді, деп жазады Tengrinews.kz.

Ұялы телефон операторлары елімізде коронавирус дерегінің тіркелуіне байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде қолдау білдірмек болған көрінеді.

Абоненттерде ұялы телефон операторының атауы тұратын жерде BizBirgemiz немесе BUD' DOMA хештегі пайда болған.

Еске салайық, 17 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды.

Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.