Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары шілдеде 279,9 млрд теңгеге өсті

0
642

2022 жылғы шілдеде зейнетақы төлемдерінің көлемі 26 млрд теңгені құрады.


Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары шілдеде 279,9 млрд теңгеге өсті

ERNUR.KZ. Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары шілдеде 279,9 млрд теңгеге немесе 2,1%-ға ұлғайып, 13 664,4 млрд теңгені құрады, деп жазады Zakon.kz.

"2022 жылғы шілдеде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 165,9 млрд теңгеге, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 7 412,5 млрд теңгеге дейін өсті", - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны қоса алғанда) 10,9 млн. шотты құрады.

2022 жылғы шілдеде зейнетақы төлемдерінің көлемі 26 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (жиынтық зейнетақы активтерінің тиісінше 43,9% және 21,3%) алып отыр. ).