Қазақстандықтарға халықаралық акцияға қатысу ұсынылды

0
707

​9 мамыр күні сағат 19:00-дегі бір сәттік үнсіздіктен кейін тұрғындар "Жеңіс күні" әнін айту үшін балконға шығады.


Қазақстандықтарға халықаралық акцияға қатысу ұсынылды

ERNUR.KZ. Ресей федерациясы кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко бұрынғы КСРО азаматтарын әлемдік шараға қатысып, 9 мамырда "Жеңіс күні" әнін шырқауға шақырды, деп жазады sputniknews.kz.

Матвиенко бұрынғы одақ азаматтарының фашизмге қарсы ортақ жеңісі – тәуелсіз мемлекеттердің қазіргі азаматтары ұмытпайтын өмірдегі маңызды сабақ екенін атап өтті.

Ол сонымен қатар Жеңіс күні – ұлы, қасиетті мереке екенін еске салып, соғыс жалыны әрбір отбасыға әсер еткенін айтады.

"Біздің елдеріміздің халқы осы Ұлы жеңістің қымбат бағасын ащы термен төледі. Бұл мереке сол күйінде қалуы керек. Ресейде және үлкен қалалар мен шағын қалаларда 9 мамыр күні сағат 19:00-дегі бір сәттік үнсіздіктен кейін тұрғындар "Жеңіс күні" әнін айту үшін балконға шығады. Батыр бабаларының портретін терезе алдына қойып, құрмет көрсетсе де болады. Бұл ән баршаға белгілі, әннің мәтінін көптеген елдің азаматтары өте жақсы біледі және олар үшін құнды әрі қымбат. Сұрапыл соғыс жылдарындағы аталарымыздың ерлігін дәріптейтін, адамдарды біріктіре түсетін басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға қосылыңыз", – деді кеңес төрайымы.