Қазақстанға 38 градус аяз келе жатыр

0
120

Қаңтардың ортасында қатты аяз болады.


Қазақстанға 38 градус аяз келе жатыр

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" 13-15 қаңтарға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Ведомствоның мәліметінше Қазақстанда жақын күндері қатты аяз болады. Бұған дейін жайлы болған қаңтар 13-не қарай қаһарына мінеді.
"Қазақстан аумағына суық антициклон келе жатыр. Біздің республикамыздың аумағы арқылы тез ауысып, ол алдымен солтүстікке барады. Содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді", - дейді синоптиктер.
14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнгі уақытта 30-38 градусқа дейін төмендейді. Аязды ауа райына қарамастан, антициклон тез ауысады. Салдарынан жел күшейеді. Елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда боранның екпіні секундына 28 метрге жетеді.