Қадағалаушы орган бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады.
ERNUR.KZ. Мемлекетке 630 млрд теңгеден астам ақша мен мүлік қайтарылды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекетке 630 млрд теңгеден астам сомаға ақша мен мүлікті қайтарды. Прокурорлардың актілері бойынша кеден саласында бюджет 57 млрд теңгеге толықты, мемлекет меншігіне 5 млрд теңгенің 140 мың га жері қайтарылды", - деп жазды Асылов.
Сондай-ақ соттарға құны 13,5 млрд теңге тұратын мемлекеттік мүлікті қайтару туралы талап-арыз түсті. Жоғарғы сот 16 наразылықты қанағаттандырған. Олар бойынша қазынаға тағы 23 млрд теңге түседі деп жоспарланып отыр, деді бас прокурор.
Қадағалаушы орган бұл бағыттағы жұмысты жалғастырады.
Бұған дейін Антикор Қайрат Сатыбалдыға тиесілі, құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылғанын мәлімдеген болатын.