Қазақстанға темекі өнімдері тиелген вагонды кіргізбек болғандар әшкере болды

0
579

Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталған. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 миллион теңгеден асады.


Қазақстанға темекі өнімдері тиелген вагонды кіргізбек болғандар әшкере болды

ERNUR.KZ. ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті құжаты жоқ құны 808 миллион теңге болатын темекі өнімдерін Қырғыз Республикасынан әкелу әрекетінің жолын кесті, - деп жазады Tengrinews.kz.

Тергеу барысында акциздік бюджетке төленетін сома анықталған. Мемлекеттік кірістер органдарының бағалауы бойынша бұл 320 миллион теңгеден асады.

"Қазіргі уақытта бірқатар жедел-іздестіру шаралары, соның ішінде тиiстi сараптамалар жүргiзiлуде, олардың нәтижесiнде қылмыстық iс бойынша процестік шешiм қабылданады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.