Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар ұшақтары Сауд Арабиясына, БАӘ-ге және Катарға 31 шілдеге дейін рейстерді орындамайды.
ERNUR.KZ. Таяу Шығыстағы қақтығыстың жалғасуына байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан аймақтағы үш елге жоспарланған рейстердің тоқтатылуын тағы екі айға ұзартуға мәжбүр, деп жазады Stan.kz.
Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар ұшақтары Сауд Арабиясына, БАӘ-ге және Катарға 31 шілдеге дейін рейстерді орындамайды.
Әуекомпания тоқтатылған рейстер бойынша жолаушыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- билет бағасын айыппұлсыз толық қайтару;
- 31 шілдеге дейін немесе одан бұрын Таяу Шығысқа ұшатын рейстерге тегін қайта брондау;
- 31 шілдеге дейін немесе одан бұрын ұшатын басқа әуекомпанияларының бағыттарына тегін қайта брондау, жол ақысы мен әуежай салықтарына қосымша ақы алынуы мүмкін.
Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отырғанын және кез келген өзгерістер туралы хабарлайтынын мәлімдеді.
Бұл наурыз айынан бері Қазақстаннан Таяу Шығысқа рейстердің тоқтатылуын төртінші рет ұзарту. Бұған дейін Алматы мен Астанадан рейстер 3 наурызға дейін, содан кейін 30 сәуірге дейін және үшінші рет 31 мамырға дейін тоқтатылған еді.


