Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
9 034

14 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі.


Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстанның 11 облысында көктайғақ пен желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

14 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Солтүстікте, Шығыс Қазақстан облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыста, солтүстікте, орталықта секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыста, солтүстікте, Абай облысыныңорталығында баяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Шымкентте оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Атырау облысында батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с.

Қостанайда 14 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші - 15-20, екпіні - секундына 23-28 метр.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан 15-20, облыстың батысында екпіні секундына 23 метр болатын жел соғады.