Қазақстанның басым бөлігінде алдағы екі күн бойы күн суытады

0
436

26 және 27 қазанда еліміздің басым бөлігінде күн суытып жауын-шашын жауады.


Қазақстанның басым бөлігінде алдағы екі күн бойы күн суытады

ERNUR.KZ. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, жел күшейеді. Ал оңтүстік және батыс аймақтарда жаңбыр жауып, тұман түседі, деп жазады Stan.kz.



Қазгидрометтің дерегіне сенсек, Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Дәл мұндай жағдай Қостанайдың солтүстігінде, Ақтөбе, Атырау облысында және ел астанасында да қайтаналады.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с жел соғады. Ал Алматы облысының батысында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Сонымен қатар Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Шымкентте де нөсер жауын жауғалы тұр.

Әсіресе Батыс және солтүстік өңірлерде тұман басып, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, солтүстік-шығысында тұман басады. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында да дәл осы ауа райы.

26-27 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман басады. 26-27 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда таңертен және күндіз екпіні 23-28 м/с жел соғады. Таразда да екі күн бойы таңертең тұман түсіп, күндіз қатты жел соғады.