Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет

0
640

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.


Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет

"Қазгидромет" орталығы еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша 19 қыркүйекте Ақтөбе облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

19-20 қыркүйекте Алматы облысының кей жерлерінде түнде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

19 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ, күндіз нөсер жаңбыр жауады.

Қызылорда облысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылап, ауа райына байланысты ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.