Қазақстанның батысында Ресейдің шекарасына апаратын жол жабылады

0
144

Қозғалыс негізгі "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының сол жағындағы уақытша айналма жол (ұзындығы 2,2 шақырым) арқылы жүзеге асатын болады.


Қазақстанның батысында Ресейдің шекарасына апаратын жол жабылады

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Халықаралық және республикалық маңыздағы тас жолдарды басқаратын ұлттық оператор - "ҚазАвтоЖол" компаниясы маңызды мәлімдеме жасады, деп жазады zakon.kz.

Хабарламаға сәйкес, 2025 жылғы 12 ақпаннан бастап KAZ-10 "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)" тас жолының 263-265 шақырым аралығындағы учаскесінде көлік айрығының қайта жаңарту жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қойылады.

"Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар "Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы" тас жолының 0-36 шақырым аралығында қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жол "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" тас жолымен жанасады. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Мердігер "беде жапырағы" әдісімен көлік айрығын соғу және үйінді мен өтпежолды салу бойынша негізгі жұмыстарды бастайды. Өтпежолдың тірек бөліктерін орнатуға байланысты 2025 жылғы 12 ақпаннан бастап "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)" автожолының 263-265 шақырым аралығындағы ұзындығы 1,5 шақырым учаскесі, сондай-ақ Атырау бағытындағы жол қиылысы уақытша жабылады", делінген 11 ақпанда "ҚазАвтоЖолдың" Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Қозғалыс негізгі "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының сол жағындағы уақытша айналма жол (ұзындығы 2,2 шақырым) арқылы жүзеге асатын болады.