Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
826

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.


Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақмола облысы

3 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасы 13-18 градусқа дейін күрт төмендейді.

Көкшетау қ.: түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасы 14-16 градусқа дейін күрт төмендейді.


Қызылорда облысы

3 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.


Солтүстік Қазақстан облысы

3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысыныда ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 3 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.


Павлодар облысы

3 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік -батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар қ.: күндіз 03 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі 4 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.


Атырау облысы

Күндіз 2 қыркүйекте Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.