Кеңестің кем дегенде үштен бір бөлігі тәуелсіз директорлардан жасақталады.
фото:Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Алатау қаласында әкімді арнайы кеңес тағайындайды. Бүгін парламент тиісті заңды бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.
"Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы" конституциялық заңға сәйкес, қаланы дамыту бойынша кеңес құрылады. Оны премьер-министр басқарады.
"Ал кеңестің құрамын президент бекітеді. Кеңестің кем дегенде үштен бір бөлігі тәуелсіз директорлардан жасақталады. Олардың арасында халықаралық деңгейдегі мамандар да болады деп отырмыз. Кеңес әкімді де тағайындайды", - деді премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкіметте өткен брифингте.
Осылайша, қаланы дамыту жоспарын кеңес әзірлесе, әкім соның бәрін іске асырады. Қала әкімдігі мен мәслихат әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелерге де жауап береді.


