Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
"Қазгидромет" орталығы мамандары еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
5 қыркүйекте түнде Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік болуы мүмкін. Көкшетау қаласында топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.
Дәл осы күні күндізгі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Түркістан облысының кей жерінде 5 қыркүйекте шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болуы ықтимал.
Қарағанды облысының солтүстігінде 5 қыркүйек түнде 1-3 градус үсік болуы мүмкін. Қарағанды қаласында да топырақ бетінде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.