Қазақстанның екі ірі қаласы мен бес облысында жастарды азғындаған ЛГБТ өкілдері жаппай ұсталды (ВИДЕО)

0
73

​Оларға қатысты 20 қылмыстық іс қозғалған.


Қазақстанның екі ірі қаласы мен бес облысында жастарды азғындаған ЛГБТ өкілдері жаппай ұсталды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі адам саудасына қатысты қылмыстарға қарсы күресіп, жастардың моральдық ахуалына теріс әсер ететін заңсыз контенттің таралуына тосқауыл қою үшін ел бойынша «STOP трафик» шарасын өткізген. Соның барасында Қазақстанда ЛГБТ өкілдеріне қатысты 20 қылмыстық іс қозғалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Астана мен Алматы қалаларында, Абай, Атырау, Жамбыл, Павлодар және Маңғыстау облыстарында дәстүрлі емес сексуалдық бағдардағы заңсыз әрекеттерге және жастарды азғындатуға белсенді түрде тартылған күдіктілерге қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады бүгін ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Оның айтуынша, осы топ өкілдері мен жалпы ел арасында ВИЧ, яғни, адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру фактісі бойынша 15 сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ал, порнографиялық материалдарды заңсыз таратуға қатысты 5 сотқа тергеу жүріп жатыр.