Қазақстанның қай өңірлерінде биыл қатты құрғақшылық болады

0
733

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады дейді.


Қазақстанның қай өңірлерінде биыл қатты құрғақшылық болады

ERNUR.KZ. Қазгидрометтің болжамы бойынша мамырда оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда қатты құрғақшылық болады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады дейді. Алайда қатты және орташа құрғақшылыққа да дайын болу керек.
Орташа құрғақшылық күтілетін жерлер:
Ақмола облысы Степногорск қаласының маңы;
Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы аудан;
Қызылорда облысы, Арал ауданы;
Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандары.
Қатты құрғақшылық болатын аймақтар:
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы;
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы.
Ылғалдануы нормаға жақын жерлер:
Батыс Қазақстан және Атырау облыстары;
Жамбыл облысының оңтүстігі;
Түркістан облысының Созақ ауданы;
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандары;
Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандары;
Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандары;
Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандары.