Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

0
2 461

Елімізде ауа райы оңалуымен бірнеш жолда шектеу алынды.


Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

ERNUR.KZ. Ауа райының оңала түсуіне байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп жазады ҚазАқпарат.

07.03.2021 күні 08.00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 7-66 шақырымы, Ушановское ауылы-Алтай қаласы аумағында көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

07.55-тен бастап «Атырау-Орал» автожолының 375-492 шақырымы, Чапаево ауылы-Орал қаласы аумағындағы жол бөлігі ашылды.

08.20-дан бастап «Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» тасжолының 0-152 шақырымы, Павлодар қаласы-РФ шекарасы аумағында көліктердің қозғалысына рұқсат берілді.

8.00-ден «Самара-Шымкент» автожолының 776-965 шақырымы, Белоградка ауылы-Қарабұтақ ауылы аумағында көлік қозғалысы жанданды.