Қазақстанның көрші елдермен шекарасында көлік кептелісі пайда болды – ҰҚК түсініктемесі

0
368

Комитет көлік жүргізушілеріне қозғалыс бағытын қалыптасқан жағдайды ескере отырып жоспарлауға кеңес берді.


Қазақстанның көрші елдермен шекарасында көлік кептелісі пайда болды – ҰҚК түсініктемесі

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерімен шекарасында көлік кептелісінің туындауына не себеп болғанын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

ҰҚК ақпаратынша, мына өткізу бекеттерінің жекелеген бағыттарында адамдар мен көліктердің кептелісі пайда болды:
Қазақстан-Ресей шекарасы
"Қайрақ" – "Бугристое";
"Сырым" – "Маштаково" .
қазақ-қырғыз шекарасы
"Қарасу" – "Ақ-Тілек".
қазақ-өзбек шекарасы
"Жібек жолы" – "Гишт-Куприк";
"Қазығұрт" – "Ташкент";
"Атамекен" – "Гулистан".
"Оған аталған бағыттардағы өткізу бекеттерінің кейбірінде ішінара жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, маусымдық көкөніс өнімдерін тасымалдауға байланысты жүк тасымалының артуы, көлік тасымалдау ұйымдарының транзиттік әлеуетін жоғарылатуы және туристік кезеңдегі жолаушылар легінің көбеюі себеп болып отыр", - деп түсіндірді ҰҚК.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның өткізу пунктері тәулік бойы жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Шекарадан өтетін көліктерді қарау және адамдардың құжаттарын тексеруде қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйелерді қолдану арқылы адамдар мен көлік кептелісін азайту бойынша шаралар қабылдануда.
Комитет көлік жүргізушілеріне қозғалыс бағытын қалыптасқан жағдайды ескере отырып жоспарлауға кеңес берді.