Қазақстанның Ресейден мал мен ет әкелуге не себепті шектеу енгізгені белгілі болды

0
127

Еліміздегі эпизоотиялық ахуал тұрақты.


Қазақстанның Ресейден мал мен ет әкелуге не себепті шектеу енгізгені белгілі болды

Фото: canva

ERNUR.KZ. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Ташимов Ресейдің кейбір өңірлерінен мал мен етті әкелуге уақытша тыйым салынуына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарда енгізілген шектеуге келсек, бұл шаралар Қазақстан аумағына жұқпалы аурулардың енуіне жол бермеу мақсатында қабылданды. Біз іргелес аумақтардағы эпизоотиялық жағдайды тұрақты түрде бақылап отырамыз. Қазір Қазақстандағы эпизоотиялық ахуал тұрақты. Оны сақтау үшін тиісті шаралар қабылданды", – деді Қазбек Ташимов.

Комитет төрағасының айтуынша, бұл – уақытша шара. Жағдай тұрақталғаннан кейін шектеулер алынып тасталады.

"Мәселен, Ресейде пастереллездің тіркелуіне байланысты шектеу енгіздік. Өнімнің қауіпсіз екеніне көз жеткізген соң, енгізілген шектеулер алынып тасталады", – деп атап өтті ол.