Қазақстанның шығысында тұрғындар екі балдық жер сілкінісін сезді

0
570

Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдікте орналасты.


Қазақстанның шығысында тұрғындар екі балдық жер сілкінісін сезді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауылының тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезді, деп жазады sputnik.kz.

Жерасты дүмпулері 13 шілде таңғы сағат 6-да Абай облысының шығыс шекарасында (Алматыдан 772 шақырым) тіркелді.
Магнитудасы MPV 4.2 құрады. Жерасты дүмпулерінің ошағы 15 шақырым тереңдікте орналасты, деп хабарлайды "СТӘЭ" ЖШС.