Бұл ескерткіш демеушілік қаражат есебінен орнатылады және қала күніне орай таныстырылмақ.⠀
ERNUR.KZ. Қостанай қаласының орталығында мүсінші Хәкімжан Наурызбаевқа ескерткіш орнатылады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Облыс орталығының 140 жылдығына орай Пушкин-Алтынсарин көшелерінің қиылысында сәулет өнерінің тарихи ескерткіштері болып табылатын екі ғимараттың арасында бірінші мүсінші-қазақ Наурызбаев Хәкімжанға ескерткіш орнату туралы шешім қабылданды», - деп жазды Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов Инстаграм парақшасына.
Бүгін қала әкімдігінің көшпелі кеңесі барысында, аталған аумақты абаттандыру «Таза Жол» ЖШС мердігерлік ұйымына жүктелді. Бұл ескерткіш демеушілік қаражат есебінен орнатылады және қала күніне орай таныстырылмақ.⠀