"ҚазАвтоЖол" Доссор-Құлсары автомобиль жолындағы су тасқыны туралы шұғыл ақпарат таратты

0
815

Қазіргі таңда еріген қар суын ағызу және жол жиегі бойындағы білікті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Атырау облысындағы Доссор-Құлсары автомобиль жолын су шайып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4 сәуірде сағат 09:50 шамасында А-33 Доссор-Құлсары тас жолының 101 шақырымында Жем өзенінің арнасынан су тасып, жолды су алып кетті (ұзындығы 130 м, биіктігі 1-3 см)", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда еріген қар суын ағызу және жол жиегі бойындағы білікті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Автожол мен жердің бұзылуына қауіп төніп тұрған жоқ. 10 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.
"Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолының 4-119 шақырымында (Доссор а.-Құлсары қ. учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.