"ҚазАвтоЖолдың" филиалы ірі келісім шартты тендерсіз жасаған

0
690

Шарт шеңберінде Филиал мердігердің шотына 200 млн теңге көлемінде аванс аударылған.


ERNUR.KZ. Көкшетау көлік прокуратурасы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақмола облыстық филиалында Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің апатты түріндегі төтенше жағдайына сілтеме жасай отырып конкурс өткізбестен заңсыз шарт жасасу фактісін анықтаған, деп жазады zakon.kz.

Осы мәміле бойынша 2,3 млрд теңге сомасына "Жақсы-Есіл-Бұзылық" республикалық маңызы бар автожолына күрделі жөндеумен қатар жаңа көпір салу жоспарланған. Дегенмен көпір шұғыл араласуды қажет етіп, бәсекелестік процедураларға кедергі келтіретін басқа күш пен технологиялық бұзушылық болғаны анықталмады.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, шарт шеңберінде Филиал мердігердің шотына 200 млн теңге көлемінде аванс аударылған. Алайда қандай да бір жұмыс басталмаған. Осы жағдайлардың барлығын растағанаудиторлардың 2022 жылғы 13 желтоқсандағы қорытындысымен мердігер келіспей, сотқа шағымданды.

"Сот 30 мамырда қарау нәтижесінде ішкі аудиттің қорытындысын (есебін) жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан. Сот актісі 2023 жылдың 23 тамызында күшіне енген. Филиалдың лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін жымқырғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды".Бас көлік прокуратурасы