Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
ERNUR.KZ. 8 қаңтар күні Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендейді, деп жазады inform.kz.
«Кезекті терең Атлантикалық циклон мен атмосфералық фронталды бөліктер әлі де Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Сонығ салдарынан жауын жауып, еліміздің солтүстік-батысында қалың қар жауады. Еліміздің солтүстігінде, батысында суық ағындардың өтуіне қарай, ауа температурасы күрт төмендейді. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, бұрқасын болады, оңтүстікте, елдің орталығында тұман түседі», - делінген хабарламада.