«Қазгидромет» мамандарының жалақысы өседі - Экология министрі

0
592

Биыл олардың жалақысы 26-дан 111%-ға дейін өседі.


«Қазгидромет» мамандарының жалақысы өседі - Экология министрі

ERNUR.KZ. Биыл «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбекақысы артады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова әлеуметтік желіде мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

"Қазгидромет" қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қаражат бөлуге қол жеткіздік. Биыл олардың жалақысы 26-дан 111%-ға дейін өседі. Бүгін Сенат «Республикалық бюджетті түзету туралы» Заңды қабылдады. Онда «Қазгидромет» қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылған. Соңғы екі ай бойы кәсіпорын бюджетін ұлғайтуды сұраған едік», - деп жазды Зүлфия Сүлейменова.

Министр ведомство тарапы орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің де жалақысын көтеру үшін де жұмыстың жүріп жатқанын айтты.