Қазір балалар көп ауырып жатқан жоқ – Цой

0
534

Цой Еуропа және ТМД елдерінде коронавирус инфекциясының өршіп келе жатқанын жеткізді.


Қазір балалар көп ауырып жатқан жоқ – Цой

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдыру барысында айтты, деп жазады baq.kz.

"Біз қазір 5000 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратын сатып алуды көздеп отырмыз. Оның алды келе бастады. Қазіргі таңда еліміздегі медициналық мекемелерде 3000-нан астам ӨЖЖ аппараты орнатылған. 1500 аппаратты отандық өндірушілер шығарған. Алдағы бірнеше апта көлемінде тиісті құрылғының бәрі жеткізілетін болады", - деді министр.
Цой Еуропа және ТМД елдерінде коронавирус инфекциясының өршіп келе жатқанын жеткізді.
"Біз елдегі эпиджағдай тұрақты болғанына қарамасқан, төсек-орын қорын дайындап, тиісті дәрі-дәрмекпен қамтып жатырмыз. Ең маңызды дүние – маска режимі мен әлеуметтік арақашықтық. Себебі, сырқаттанушылықтың 30 пайызы маска тағуға, 40 пайызы арақашықтық сақтауға байланысты. Өкінішке қарай, кейбір адамдар маска режимін сақтамайды. Вирустың екінші толқынының болу-болмауы әрқайсымызға тікелей қатысты", - деді ол.
Министр, сонымен қатар, күзгі маусымда коронавирустың балаларға әсеріне тоқталды.
"Біз барынша бақылап отырмыз. Қазір балалар көп ауырып жатқан жоқ. Күн сайын эпидемиологиялық сараптама жасалуда", - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Алексей Цой Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК барып, ресейлік «Гриппол+» вакцинасын салдырды.