"Қайталап тыңдай беремін".
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан жолдарындағы көлік кептелісі туралы ән тарап жатыр. Автор оны халық әні стилінде орындаған, деп жазады Tengrinews.kz.
Роликтің авторы - актер, "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов. Ол бұл видеоның бір апта бұрын Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы кеңселердің бірінен түсірілгенін айтады. Ролик кейін желіде тарап, қызу талқыланды.
"Мынау не деген "пробка" (кептеліс - авт.)?", - деп әндетеді автор мақамын халық әндерінің стиліне салып.
"Қайталап тыңдай беремін", "Бұл шедевр" - дейді желі қолданушылары.
Желідегілер әртістің қалжыңын бағалап, қаладағы кептелістер мәселесін қолдаған. Көп қолданушы видео пікіріне күліп тұрған смайлдар қалдырған.