​Қазпошта Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың 35 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға енгізді

0
191

Digital Qazaqstan 2026 халықаралық форумы аясында Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың (БӨД) 35 жылдығына арналған пошта маркасын салтанатты түрде таңба қою рәсімі өтті.


​Қазпошта Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың 35 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға енгізді
ERNUR.KZ. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, БӨД бас директоры Алексей Бородин және «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев қатысты.Мерейтой маркасы Қазақстанның өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін көрсетеді. Рәсімге қатысушылар маркаларды «Бірінші күн» арнайы штемпелімен таңбалап, естелік конверттерге қолтаңбаларын қалдырды және халықаралық серіктестік белгісі ретінде олармен алмасты.

Марка төрт түсті офсеттік тәсілмен дайындалған және 6 маркадан тұратын парақ форматында ұсынылған. Номиналы 800 теңге, таралымы 3 000 дана. Дизайнын Г. Ибатолла әзірлеген, ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында басып шығарылды.

Бұл марканың шығарылуы өңір елдерінің көпжылдық серіктестігінің маңыздылығын айшықтайды және заманауи коммуникациялар мен цифрлық трансформация саласындағы жетістіктерді дәріптеуге бағытталған.