Қазпоштаның жұмысынан ақау шықты

0
279

Қазір пошта жүйесі толық қалпына келтірілген.


Қазпоштаның жұмысынан ақау шықты

ERNUR.KZ. Қазпошта АҚ-ның қауіпсіздік серверінен ақау шықты. Қазір себебін анықтап жатыр, деп жазады inform.kz.

«Өкінішке қарай, біздің жүйенің жұмысында ақаулар болды. Қауіпсіздік сервері төмендеген. Әзірлеушілер тобы себебін анықтап жатыр, сервер қайта іске қосылды», - дейді Қазпоштаның қоғаммен байланыс бөлімінің маманы.

Қазір пошта жүйесі толық қалпына келтірілген.

Еске сала кетсек, биыл Бас прокуратура Қазпоштаның жұмысынан көптеген кемшілік анықтаған еді.

Тексеру нәтижелері бойынша комитет және оның аумақтық органдары заңның бұзылуын жою туралы 21 ұсыным енгізді, 20 әкімшілік іс қозғалды.

Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауапқа тартылды.