«ҚазТрансГаз Аймақтың» тарифті негізсіз көтергені анықталды

0
690

Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу Комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді.


«ҚазТрансГаз Аймақтың» тарифті негізсіз көтергені анықталды

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өндірісінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады Azattyq Ruhy.

«2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге екені анықталды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған», - делінген агенттік хабарламасында.

Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу Комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді.

«Соның нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Қызылорда облысының тұрғындары 1 тамыздан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшті.