ҚазТрансОйл 1 мамырдан бастап мұнай тасымалының бағасын өсіреді

0
569

«Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 337,5 теңге мөлшерінде бекітіледі.


ҚазТрансОйл 1 мамырдан бастап мұнай тасымалының бағасын өсіреді

ERNUR.KZ. 1 мамырдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды Қазақстан аумағы арқылы өткізуге және экспорттауға арналған қызметіне тарифтерін көтереді, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының 31 наурыздағы № 30 және № 31 бұйрықтарымен Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттау және Қазақстан аумағы арқылы транзиттеу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне мынадай тарифтер бекітілген:

- Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясындағы теміржол цистерналарына мұнай құю - 1 тонна үшін 1 213,20 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 409,57 теңге тариф болған);

- Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды жылытусыз Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 263,49 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 122,91 теңге тариф болған);

- Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды жылытып, Каспий құбыр консорциумы жүйесіне ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 320,09 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 128,43 теңге тариф болған);

- «Мақат» мұнай айдау станциясында мұнайды «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 2 283,27 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 1 118,10 теңге тариф болған);

- «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу - 1 тонна үшін 337,5 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 89,15 теңге тариф болған);

- бірыңғай маршруттау жөніндегі операторлық қызмет - 1 тонна үшін 84,47 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 41,45 теңге тариф болған);

- Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттау мақсатында Н.Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясындағы мұнайды 1 тонна үшін 1000,00 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу (бұрын 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 500 теңге тариф болған).

Көрсетілген тарифтер 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.