Кеден саласындағы тексеріс: мемлекетке 21 миллиард теңге қайтарылды

0
672

​Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 миллиард теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берген.


Кеден саласындағы тексеріс: мемлекетке 21 миллиард теңге қайтарылды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура органдары кеден саласында тексеріс жүргізіп, бюджетке 21 миллиард теңге қайтарылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті. Олардың әрқайсы белгілі бір тауарларға (аяқкиім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген.
Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған", - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 миллиард теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берген.

"Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – "Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Бүгінде СЭҚ-тың 7 қатысушысы ("Tex Alliance", "Almobi Group", "Ехргеѕѕ Кеден Сервис", "Group of the companies TDA", "Ai-To Progress", "Global Logistics Ved" және "TL NIKA кеден" ЖШС) қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 21 миллиард теңге қайтарды", - делінген хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, қалған қоса есептелген сомаларды өндіріп алу, оның ішінде осы компаниялардың кепілдік мүлкі есебі арқылы жалғасып жатыр.