KEGOC «Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау» жөніндегі алғашқы форумын өткізді

0
634

Іс-шарада "Vision Zero Қазақстан" іскерлік кеңесінің төрағасы "KEGOC" АҚ-ға компанияның халықаралық нөлдік жарақаттану қозғалысының қатысушысы болып табылатынын растайтын Vision Zero (барлық деңгейдегі еңбек қызметінің үш негізгі аспектісіне – қауіпсіздік, денсаулық және әл-ауқатқа негізделген Vision Zero тұжырымдамасы әлемдегі жетекші өндірістік компанияларды біріктіреді ) сертификатын табыстады.


KEGOC «Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау» жөніндегі алғашқы форумын өткізді

ERNUR.KZ. Астанада өткен өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау форумына Энергетика министрлігінің өкілдері, "Самұрық-Қазына" АҚ және оның құрылымына кіретін компаниялардың, "KEGOC" АҚ-ның HSE (Health Safety Environment) саласындағы басшылары мен сарапшылары, сондай-ақ ТМД елдері компанияларының өкілдері қатысты, деп жазады stan.kz.

"Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы – 2022" аясында өткен форумда HSE саласындағы бейінді мамандар мен көшбасшылар қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша озық тәжірибелерімен бөлісіп, өнеркәсіптік медицина және өндірістегі заманауи қорғану құралдары туралы сөз қозғады.

Іс-шарада "Vision Zero Қазақстан" іскерлік кеңесінің төрағасы "KEGOC" АҚ-ға компанияның халықаралық нөлдік жарақаттану қозғалысының қатысушысы болып табылатынын растайтын Vision Zero (барлық деңгейдегі еңбек қызметінің үш негізгі аспектісіне – қауіпсіздік, денсаулық және әл-ауқатқа негізделген Vision Zero тұжырымдамасы әлемдегі жетекші өндірістік компанияларды біріктіреді ) сертификатын табыстады.

Форумдағы тағы бір маңызды оқиға "KEGOC" АҚ филиалдары (бүкіл ел бойынша 9 өндірістік филиал) басшыларының Health & Safety саласындағы жеке міндеттемелеріне қол қоюы болды. Оған сәйкес компанияның кез келген қызметкеріне қауіпті еңбек жағдайлары анықталған жағдайда жұмыстарды орындауды тоқтату құқығы беріледі.

"KEGOC" АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаевтың айтуынша өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері әрқашан бірінші орында болған және осы бағыттағы міндеттерді шешуге Компания ерекше назар аударады.

“Форум және ондағы оқиғалар KEGOC-тың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін тиімді шешудегі мүдделілігінің айқын мысалы болып табылады. Біз әрбір қызметкерге қамқорлық жасауды өз міндетіміз деп санаймыз және қауіпсіздік мәдениеті мен өндірістегі ережелерді сөзсіз сақтау басшылардан басталуы тиіс деп сенеміз”, - дейді компания басшысы.

Ол сондай-ақ KEGOC-та еңбек қауіпсіздігі саласындағы әлемдік стандарттар үнемі зерттеліп, өндірісте озық тәжірибелер енгізілетінін атап өтті. Оқыту іс-шараларының бірі жақын арада өтеді. Компания басшылығы үшін Өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы халықаралық сертификаты NEBOSH бойынша курс жоспарланған.

“Еңбек қауіпсіздігі мәселесі үнемі күн тәртібінде болады. Қазіргі таңда "Самұрық-Қазына" қорында шамамен 250 000 адам жұмыс істейді. Солардың 230 000 астамы өндірістік салада жұмыс істейді. Яғни, қызметкерлердің жұмысқа барып, аман-есен үйлеріне оралуын қамтамасыз ету қордың басты міндеттерінің бірі болып отыр. Осы бағыттағы жұмыстарды оңтайлы жүргізу және қауіпсіздікті сақтаудың тиімді жолдарын талқылау үшін KEGOC алғашқылардың бірі болып форум өткізіп жатыр. Бұл өте маңызды жиын”, - дейді "Самұрық-Қазына" АҚ Жұртшылықпен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында стандартты рәсімдерден басқа, KEGOC және оның филиалдарында жыл сайын Қауіпсіздік техникасы күндері, еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша үздік филиал конкурстары, ынталандырушы флешмобтар мен байқаулар өткізілетінін атап өткен жөн. Компания, сонымен қатар, жеткізушілер мен мердігерлік ұйымдарға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жоғары талаптар қояды.