Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді.
© Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Кентау қаласында көпқабатты үйде орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ жарылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Төтенше оқиға бүгін түнде болған. Бірінші қабаттағы қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты.
"Оқиға орнында 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр",-делінген ресми хабарламада.
Оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров барып, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.


